Әріптестер
«ИПК ZHERSU» ЖШС (Қазақстан, Алматы қ.) «ZHERSU» инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясы–Қазақстанда сияқты, сонымен бірге одан тысқары жерлерде ірі масштабты жобаларды жүзеге асыратын көп профильді компания. Корпорация 1992 жылы «TSC GroupCorporation» болып құрылды, ал 2007 жылы «ИПК «ZHERSU» ЖШС болып өзгертілді. Негізгі стратегиясы – өндірісті дамыту, инвестициялау, отандық экономиканың өнеркәсіптік әлеуетін қалпына келтіру және сақтау, жаңа технологияларды әзірлеу мен ендіру, әлемдік нарыққа белсенді түрде шығу. Компания принципі инновациялық дамуға талпыну және ең күшті әлем тәжірибесін ендіру болып табылады. Корпорацияға салалық принцип бойынша біріккен бірқатар ірі кәсіпорындар кіреді. Қызметтің негізгі салалары: электр энергетика (энергетикалық құрылыс пен электр энергиясын беру және бөлу), сатып алу, ауыл шаруашылығы, сервистік қызметтер. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.zhersu.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«Kerneu Limited» ЖШС (Қазақстан, Алматы қ.) «Kerneu Limited» ЖШС - Қазақстанның жетекші энерго құрылыс компанияларының бірі. Компания қызметі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап, объектілердің «кілтке дейінгі» құрылысына дейінгі қызметтер спектрін қамтиды және Жарғымен және ҚР Мемлекеттік лицензиясымен реттеледі. «Kerneu Limited» ЖШС жұмысының басты бағыты барлық типтегі және кернеу класындағы электр беретін линиялар мен шағын станциялар құрылысы, қайта құру мен жөндеу, гидротехникалық ғимараттар мен байланыстың талшықты-оптикалық кабельді линияларының құрылысы болып табылады. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.новый сайт.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«КОМПАНИЯ СӘТТІ ЖОЛ» ЖШС (Қазақстан, Алматы қ.) «КОМПАНИЯ СӘТТІ ЖОЛ» ЖШС құрылыс-монтаж ұйымы болып табылады және электр энергетика саласында қызметтерді ұсынуға мамандалады: жобалаудан объектіні «кілтке дейін» ұсыну. Қызмет бағыты: Жобалық-іздестіру жұмыстары; 500 кВ дейінгі кернеу класымен ШС-дағы құрылыс-монтаж жұмыстары; ЭБЛ 10-500 кВ құрылыс-монтаж жұмыстары; Технологиялық жабдықты және іске қосу-ретке келтіру жұмыстарын монтаждау; Үйлердің, ғимараттардың күрделі жөндеулерін және қайта құруын қоса алғанда инженерлік желілер мен жүйелердің қондырғысы. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.новый сайт.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«ZHERSU Metal» АҚ (Қазақстан, Қапшагай қ.) «ZHERSU METAL» АҚ – бұл ЭБЛ тіреуіштері мен энергетикалық өнеркәсібі үшін метал құрылғыларын жасауға бағытталған бірегей зауыт. Зауыт пайдалануға 2008 жылы енгізілді, әлемдік өндіруші лидерлердің жаңа технологияларымен жасақталған. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 12 000 тонна дайын өнімді құрайды. Зауыттың жобалық-іздестіру жұмыстарын, құрылыс-монтаж жұмыстары, метал құрылғыларын шығаруға лицензиясы, сондай-ақ сәйкестік пен шығу сертификаты бар. Өндірісті ұйымдастырған кезде басымдық «Ficep» (Италия), «LVD Company» (Бельгия), «Dr. Hochetrad» (Германия), «StemD.o.o.» (Словения), «ВеберкоМеханик» ААҚ (Ресей), «Защита Металлов» ААҚ (Ресей) және т.с.с сияқты жетекші шетел фирмалары шығарған алдыңғы қатардағы технологиялық жабдыққа берілді. Зауытта ISО 9001-2000 менеджмент сапасының халықаралық жүйесі енгізілген. Қондырғыларды және материалдарды шығарған кезде қолданылатын сапа әр партияға сәйкестік сертификатымен расталады. |
«ТАТЭК» АҚ («Талдықорған Акционерлік Көлік–Электр желілік Компаниясы») «Талдықорған Акционерлік Көлік–Электр желілік Компаниясы»АҚ Алматы облысы Талдықорған өңірінің 8 ауданы мен 2 қаласы үшін электр энергиясын беруді және бөлуді жүзеге асыратын өңірлік электр желілік компания болып табылады. «ТАТЭК» АҚ электр беретін линиялар бойынша беріліп отырған электр энергиясының жылдық көлемі 2012 ж. 670 млн. кВт.сағ. құрады. 40 жылдан астам уақыт бойы, кәсіпорынның бірнеше рет аты өзгерді, дегенмен компания қызметінің негізгі бағыты – электр энергиясын беру мен бөлу, Алматы облысы Талдықорған өңірі бойынша электр желілерін жөндеу мен пайдалану болып табылады. |
«Сайман корпорациясы» АҚ (Қазақстан, Алматы қ.) «Сайман корпорациясы» ЖШС – Орталық-Азиядағы электр энергиясын есептеу аспаптарын шығару саласындағы жалғыз өндірістік компаниясы. 20 жылдан астам компания өнім шығарады және алдыңғы қатардағы өзінің тәжірибесі негізделген энергетикалық өнеркәсібі үшін бірегей шешімдерді әзірлейді. Ұлттық нарықта ұсынылатын шешімдер компания инженерлерінің бизнестің нақты тәжірибесін Қазақстан Республикасының нормативтік техникалық талаптарын терең түсінуін есекере отырып алдын ала бейімделеді. «Сайман корпорациясы» ЖШС басты мақсаты – бұл тұтынушылардың ең жоғарғы және күтіліп отырған талаптарына сәйкес келетін әлемдік сападағы өнім шығару. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.saiman.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«ZHERSU Power» ЖШС (Қазақстан, Талдықорған қ.) «ZHERSU POWER» ЖШС аккумулятор зауыты пайдалануға 2002 жылы енгізілді. Арнайы мамандануы – автомобиль қорғасын-кальций аккумулятор батареяларын шығару. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 3 млн. автомобильді және 1 млн. стационарлы аккумулятор. «ZHERSU POWER» ЖШС зауыты басқарудың жоғары тиімді әдістерін және өнімнің жоғары сапасын ұйымдастыруда маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Кәсіпорынның қол жеткізген жетістіктерінің бірі өнімді отандық және сыртқы нарықтарда сәтті дамыту болып табылады. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.zhersu-power.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«Alakol Plant» ЖШС (Қазақстан, Талдықорған қ.) «Alakol Plant» ЖШС Қазақстандағы өнеркәсіптік сияқты, сонымен бірге ауыл шаруашылық сумен қамтамасыз ету үшін де пайдаланылатын тереңдік электр түсіру сорғыштарын шығарудың толық циклі бойынша мамандандырылған кәсіпорын болып табылады. Қызметі: |
«Siemens» неміс компаниясы (Қазақстандағы өкіл - «Сименс» ЖШС) Осымен 16 жылдан астам уақыт бойы Сименс Қазақстанның нарығында белсенді жұмыс істейді және Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында әріптестік және өзара пайдалы қарым-қатынасты дамытуға ставка жасауда. Сименс компаниясының бірінші кеңсесі Алматы қаласында ашылды, соның артынан Siemens өкілдіктері Астана, Атырау, Павлодар, Теміртау ққ. ашылды. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның http://w3.siemens.kz/ сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«ALSTOM» француз компаниясы (Қазақстандағы өкілдігі - «ALSTOM Kazakhstan» ЖШС) Компанияның негізгі бағыты бакты және құдықты орындаудағы жоғары вольтты сөндіргіштерді, элегазды оқшаулауы бар кешенді-бөлу құрал-жабдықтарын (ЭКБҚЖ), ажыратқыштарды, өлшеу трансформаторларын, шамадан тыс кернеулерді шектегіштерді, генераторлы сөндіргіштерді, элегазды және 10 кВ әуе оқшаулауы бар ұяшықтарды қоса алғанда 35-500 кВ кернеуі бар электр жабдығын, релелі қорғаныс пен автоматиканы, шағын станцияларды басқару жүйесін шығару болып табылады. Әлемнің 66 елінде орналасқан ALSTOM GRID компания тобының зауыттары ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, BS OHSAS 18001:2007 стандарттарымен сертификатталған. ALSTOM компаниясы шығаратын тоқ пен кернеуді өлшейтін трансформаторлары Қазақстан Республикасының бірегей өлшеуін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеліміне енгізілген. |
«ABB» швед-швейцариялық компания (Қазақстандағы өкілдігі -«ABB (ЭйБиБи)» ЖШС «ABB (ЭйБиБи)» ЖШС ABB. ABB - өнеркәсіптік кәсіпорындар мен энергетикалық компанияларға қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендете отырып, өздерінің өндірісін жоғарылатуға мүмкіндік беретін автоматтандыру үшін электр энергетикалық жабдықтар мен технологияларды шығарудағы лидер компания тобының құрамындағы компания болып табылады. Штаб-пәтері Цюрихте, Швейцарияда. Акциялары Нью-Йоркте, Цюрихте, Стокгольмде бағаланады. |
«Казэнергокабель» АҚ (Қазақстан, Павлодар қ.) Бүгінгі күні «Қазэнергокабель» тұтынушыларды өнімнің кең спектрімен қамтамасыз етеді: күшті, бақылау, телефон кабельдері; орнатылатын, әуе, троллейлі телефон сымдары; өнеркәсіптік жарылыс жұмыстарына арналған сымдар; ауылдық телефон байланысын радиофикациялау үшін телефондық бөлу сымдары; сондай-ақ: суға түсіру электр қозалтқыштары үшін орнатылатын, өткізудің әуе электрикалық линиялары үшін болат көп сымды; жылытатын; болат жетекші арқанмен және басқалар. Зауыт белсенді түрде импортты орнын алмастыру жөніндегі үкіметтік бағдарламаға қатысты және қатысуын жалғастыруда, 2000 ж. нәтижелері бойынша ең жақсы болып танылды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дипломымен марапатталды. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.kazkabel.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«АСПМК-519» ЖШС (Қазақстан, Алматы қ.) Өзіне энергетикалық салада құызметін жүзеге асыратын бірқатар өнеркәсіптік және сервистік кәсіпорындарды біріктіретін Қазақстан Республикасындағы ірі вертикальды-ықпалдастырылатын компаниялардың бірі. АСПМК-519 500 кВ кернеуге дейінгі электр желілері мен шағын станцияларын жобалау, құрылыс, жетілдіру мен жөндеу саласында Қазақстан Республикасының нарығында лидерлік позицияларға ие. АСПМК-519 құрылымына корпоративтік стратегия мен салалық керек-жарағына сәйкес үшін бағытқа – сервисті, өнеркәсіптік, өндірістік және электр энергиясын беруге біріктірілген кәсіпорындар кіретін холдингті компания болып табылады. Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның http://aspmk519.kz/index.php сайтынан қарауыңызды өтінеміз. |
«Инвестор-М» ЖШС (Қазақстан, Рудный қ.) 2000 жылы Қазақстан аумағында өнімді жеткізудің эксклюзивті құқығы бөлінген Оңтүстік Орал арматурлы-изоляторлы зауыттың өкілі ретінде ұйымдастырылды. Мына кәсіпорындардың ресми дилері: Пермьнің «ЭЛИЗ» ААҚ изоляторлы зауытының, Камышловск «Урализолятор» ААҚ изоляторлы зауытының, «Энергия-21» полимерлі изоляторлар зауытының, «Товарковский завод высоковольтной аппаратуры» ААҚ, «Белорецкий металлургический комбинат» ААҚ. |