Басты бет Компания туралы Біздің қызмет Пресс-орталық Ірі жобалар Корпоративті жауапкершілік Мансап Байланыстар

Клиенттер

«КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ-К» АҚ

Ұзақтығы 1,5 мың км болатын магистральды мұнай құбырының құрылысы мен пайдалану үшін құрылған Ресей, Қазақстан, сондай-ақ жетекші мұнай өңдейтін компаниялар («Chevron», «ExxonMobil», «Eni», «BritishGas», «Роснефть», «Лукойл» сияқты) қатысатын ірі халықаралық мұнай көлік жобасы. КҚК жүйесіне негізінде мұнай Батыс Қазақстанның кең кен орындарынан, сондай-ақ Ресей өндірушілерінің шикізаттары келіп түседі. Мұнай компанияның Оңтүстік Озереевка (Новороссийск) поселкесіндегі Теңіз терминалына дейін тасымалданады, ол жерден ол әлемдік нарықтарға жөнелтіледі.

Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.cpc.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз.

 

«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральды темір жол жерімі операторының функцияларын орындау, жолаушыларды тасымалдау мен жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау сияқты қызмет түрін жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» функционалды тұтастықты қамтамасыз ету мен тасымалдау процесінде темір жол саласының басқарылуына негізделген холдингті құрылымға ие. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері «Самырұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» болып табылады.

Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.railways.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз.

 

«КЕGОС»

(«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы») АҚ

«KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы» АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының энергетикалық жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.

«KEGOC» АҚ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Компания миссиясы – Қазақстанның БЭЖ қазіргі кездегі техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарына, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты сақтау стандарттарына сәйкес сенімді жұмыс істеуі мен тиімді дамуын қамтамасыз ету.

Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.kegoc.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз.

 

«БАТЫС ТРАНЗИТ» АҚ

«Батыс транзит» акционерлік қоғамы Солтүстік Қазақстанды Ақтөбе облысымен байланыстыратын электр беретін өңіраралық линия құрылысы жөніндегі жобаны іске асыру мақсатында құрылды.                         

«Батыс транзит» АҚ концессионды келісу негізінде іске асырылатын және инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру есебінен қаржыландырылатын ұлттық мәндегі жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің алғашқы мысалы болып табылады.

Компания миссиясы – Қазақстанның электр энергетикасын дамытуға Қазақстан Республикасының бірегей энергетикалық құрылымын жетілдіруге қатысу жолымен әсер ету.

Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның www.bttr.kz сайтынан қарауыңызды өтінеміз.

 

ҚР ТЖМ жанындағы «Селденқорғау құрылыс» РМҚК

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селденқорғау құрылыс»  мемлекеттік республикасылық қазыналық кәсіпорны шұғыл басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты селдерден, су тасқындарынан, көшкіндерден, жер сілкінісінен және басқа табиғат апаттарынан болған төтенше жағдайларда жүргізілетін арнайы жұмыстарды орындау болып табылады.

Бұдан да нақтырақ ақпаратты компанияның http://emer.gov.kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=215&Itemid=168 сайтынан қарауыңызды өтінеміз.