Іске асыру кезеңі
2012 ж. шілде–2014 ж. желтоқсан
Жоба географиясы
Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары, Қазақстан Республикасы
Тапсырыс беруші
«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ
Жобаның жалпы сипаттамасы
«Бейнеу-Шалқар» жаңа темір жол желісі ұлттық темір жол желісінің жалпы жүйесінде республиканың батыс облыстарындағы Шалқар мен Байғани аудандарынан өтетін болады.
Жобаның негізгі мақсаттары:
- республика ішіндегі көлік-экономикалық байланыстарды тиімді ету;
- елдің экспорттық бағыттарын оңтайландыру;
- транзиттік ағымдар үшін өткізу қабілеттілік деңгейін жоғарылату;
- өңірдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайларды жақсарту.
Сөйтіп, темір жол желісінің құрылысы келешекте жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту және артық жүруді азайту есебінен темір жол тасымалдарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Жобаның әлеуметтік маңыздылығының басты көрсеткіші тағы жаңа жұмыс орындарын жасау, және салдары ретінде өңірдің жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейін жоғарылату. Сөйтіп, маңызды түрде, жобада объектінің құрылысына еңбек ресурстары тікелей Ақтөбе облысының Байғанин мен Шалқар аудандарынан және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандарынан тартылатын болады.
Жобада «Промстрой-Энерго» компаниясымен іске асырылып отырған жұмыстар сипаттамасы
«Промстрой-Энерго» компаниясы жобада «Бейнеу» станция - «Шалқар» станциясының учаскесінде «кілтке дейін» сырттай электрмен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысын жүзеге асырады.
Жобаға біздің компанияның қатысу нәтижесі «Бейнеу - Шалқар» жаңа темір жолы желілерінің объектілерін сенімді және сапалы электрмен қамтамасыз ету болады.
«Промстрой-Энерго» компаниясына жобалау бойынша мынадай жұмыс көлемдері тіркелді:
- жобалауға қажетті көлемде іздестіру (инженерлік-гидрогеологиялық және инженерлік-топографиялық) жұмыстары орындау;
- жергілікті климаттық жағдайларды ескере отырып жобалық жұмыстарды орындау;
- жұмыс құжаттамасын әзірлеу, оны келісу;
- сондай-ақ мемлекеттік сарапамадан өту.
Жоспарланған электр желілік құрылыстың көлеміне мынадай жұмыстар кіргізілді:
- 2 элегазды сөндіргішті орната отырып, ашық бөлу құрылғысы (АБҚ) 110кВ ШС 110/35/6 кВ «Бейнеу»-ге кеңейту;
- 3 элегазды сөндіргішті орната отырып, AБҚ 110 кВ ШС 110/35/10 кВ «Шалқар» қайта құру мен кеңейту; - үш шағын станцияларға (25 МВА қуатты УР 110 кВ қондырғысы бар (ШС 110/10 кВ «Тұрыш» (110-4Н схемасы бойынша); ШС 110/10 кВ «Күрсай» (110-5АН схемасы бойынша); ШС 110/10 кВ «Тассай» (110-12 схемасы бойынша) ұзақтығы 254 км темір бетон тіреулерде «Бейнеу-Тассай» учаскесінде 110 кВ кернеуі бар электр беретін екі шынжырлы әуе линиясының құрылысы;
- Тассай – Шалкар учаскесінде екі ШС 110/10 кВ «Шұқыр» мен «Байқадам» (110-5АН схемасы бойынша) құрылысы,
- ұзақтығы 217 км АС-10 сымымен темір бетон тіреулерде 110 кВ кернеуі бар «Тассай – Шалкар» бір шынжырлы әуе линиясының құрылысы.
«Шалқар-Бейнеу» темір жол учаскесінің тұиынушыларын электрмен қамтамасыз етудің ерекше факт олардың арасында электр желісінің жоқ болуында. Аталған облыстарды (Ақтөбе мен Маңғыстау) электрмен қамтамасыз ету негізінде бір-бірінен оқшау түрде қамтамасыз етіледі, Ресей желілері арқылы жүйеаралық линия бойынша байланыс бар. Маңғыстау облысында жақын шағын станция ШС 110/6 кВ «Бейнеу» болып табылады. Ақтөбе облысында қолда бар ең жақын шағын станция ШС 110/35/10 кВ «Шалқар» болып есептеледі.
Сырттай электрмен қамтамасыз ету объектілерінің құрылысында «Промстрой-Энерго» компания атынан шамамен бір жүза адам жіне 50 бірліктен астам арнай техника қатысады.
Жобаны іске асыруға тартылған барлық қызметкер, күрделіліктің әр түрлі дәрежесіндегі электр объектілерінің құрылысында қажетті біліктілігі мен көпжылдық практикалық тәжірибесіне ие, бұл компанияға жұмыстың орындалуының жоғары сапасын қамтамасыз етуге және барлық белгіленген мерзімдерді сақтауға мүмкіндік береді.
Құрылыста пайдаланылатын материалдар мен жабдықтар басым түрде тек отандық болып табылады: сөйтіп, материалдар мен жабдықтың 80% Қазақстанда шығарылады және тек 20% ғана шетелден әкелінеді.
Қазақстан үшін соншалықты ірі және маңызды жобаға «Промстрой-Энерго»-ның қатысуы көп жылдық және бұл ретте жоғары вольтті электр қондырғыларын қиын жететін жерлердегі құрылысын, әр түрлі класты кернеудеші шағын станцияларының құрылысын, кабельді линиялардың монтажын және т.с.с. қоса алғанда өңірлік деңгейде сияқты, сонымен бірге ұлттық деңгейде де энергетикалық инфрақұрылым объектілерінің құрылысындағы сәтті тәжірибе арқасын мүмкін болды.біздің қосымша басымдығымын жобаны іске асыру үшін қажетті технологиялар мен жабдықтардың болуында еді.
|