Стратегиялық энергия объектілер. «ПРОМСТРОЙ-ЭНЕРГО»
«KAZENERGY» журналы
2010 жылдан бастап электр энергияны тұтыну көлемі Қазақстанда тұрақты түрде өсуде. Бұл ретте заңды түрде электр энергиясы мен энергия жүйенің қуат тапшылығы, әсіресе елдің оңтүстігінде туындап отыр.
Бұл мәселенің шешімі ретінде электр энергетикалық жүйені тұрақты технологиялық түрлендіру мен жетілдіру болып шығады. Осы саладағы жетекші компаниялардың бірі «Промстрой-Энерго» ЖШС болып табылады.
Электр энергетикалық жүйені жетілдіру
«Промстрой-Энерго» ЖШС қызметі мынадай күрделі және әр түрлі технологиялық жоспардағы өнеркәсіптік жұмыстармен байланысты:
• (ЭБЛ) электр беретін линиялары мен (ШС) 110, 220, 500 кВ шағын станцияларының құрылысы;
• күш жабдықты жөндеу, монтаждау және іске қосу;
• байланыстың кабельді және талшықты-оптикалық линияларының құрылысы;
• шағын станцияның ЭБЛ релелік қорғаныс және автоматика жабдығын қайта құру;
• күрделі арнайы жұмыстарды орындау.
Компания қызметі клиенттердің қажеттілігін барынша тиімді, сапалы және уақтылы қанағаттандыру жоғары технологиялық жәек ең алдыңғы инженерлік шешімдерді, сөзсіз стандарттар мен табиғатты пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелерді сақтауда.
«Промстрой-Энерго» қыин қол жетімді жерлерде жоғары вольтты электр қондырғылары құрылысының ірі жобаларын, шағын станциялар құрылысын, кабельді линиялар монтажын және көптеген басқаны жүзеге асыру үшін қажетті тәжірибеге, технологияларға, жабдықтар мен механизмдерге ие. 2003 жылдан бастап компания Қазақстанның аумағында электр энергетикалық инфрақұрылымның бірқатар ірі және стратегиялық маңызды объектілерді іске асыруға тікелей қатысуда. Бұл жобалардың арасында: «Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан» транзитінің 500 кВ электр беретін екінші линия құрылысы» шеңберінде 2006 жылы «ШС 500 кВ ЮКГРЭС шағын станциясын кеңейту», 2008 жылы «ШС 500 кВ «Шу» құрылысы, I мен II-кезең», 2009 жылы «ШС 1150 кВ Екібастұз кеңейту.
Маңызды мәнге 2007-2008 жылдардағы «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» 500 кВ электр беретін өңіраралық линия құрылысы» жобасы бойынша «Өлке» мен «Жетіқара» шағын станцияларымен бірге ұзақтығы 486 км болатын 500 кВ жоғары вольтты линиясының құрылысы ие болды. Бұл «Промстрой-Энерго» ЖШС-ға тиімді іс-қимыл ететін және жауапты компания – бренды, нарықтық бәсекелестік жағдайларында өте маңызды имиджін жасауға мүмкіндік берген.
Өзінің қызметі уақытысында «Промстрой-Энерго» Қазақстанның барлық аумағында жоғары технологиялық монтаж-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыра отырып қызметтің жалпы республикалық деңгейіне шықты. Компанияның теңдестірілген құрылымы, инновациялық мүмкіндіктері мен кәсіби, ауыз бірлікті еңбек ұжымы компанияға алдыңғы стандарттар деңгейінде жиі бірегей күйде алға қойылған міндеттердің барлық спектрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, компанияның техникалық базасы – бұл Қарағандыда орналасқан толығымен мамандандырылған жинақталған механикаландырылған колонна.