Басты бет Компания туралы Біздің қызмет Пресс-орталық Ірі жобалар Корпоративті жауапкершілік Мансап Байланыстар

«Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» ӘЛ-500 кВ электр беретін өңіраралық линиясының құрылысы жобасы

            

Іске асыру кезеңі

2007-2008 жж.

Жоба географиясы

Ақтөбе обл., Қостанай обл.

Тапсырыс беруші

«БАТЫС ТРАНЗИТ» АҚ

Жобаның жалпы сипаттамасы

«Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» ӘЛ-500 кВ электр беретін өңіраралық линиясының құрылысы жобасы 2007-2008 жж. бойы іске асырылды. Жобаның негізгі нәтижелерінің бірі Ақтөбенің энергия торабын Қазақстанның бірегей энергетикалық желісіне біріктіруде еді, бұл өз кезегінде өңірлік және республикалық бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді, сол себепті де жоғары әлеуметтік-экономикалық мәнге ие болды:

- Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- елдің бірегей энергетикалық жүйесінің құрылымын жетілдіру, оның сенімділігін жоғарылату;

-  республикадағы өнеркәсіптік өндірістің өсуін ұлғайту;

 - Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі тудыратын қуаттарды дамыту;

-  Батыс Қазақстанның экономикасын дамыту үшін энергетикалық негіз құру;

- облыстың Ресей Федерациясының қымбат импорттадатын электр энергиясынан энергетикалық тәуелділікті төмендету, бұл түпкілікті тұтынушылардың электрмен қамтамасыз ету сенімділігін жоғарылатуды білдіреді;

-  үнемді Екібастұз ТЭс есебінен Ақтөбе облысының электр энергия тапшылығын жабу;

-  түпкілікті тұтынушылардың электр энергия тарифін төмендету.

Жобада «Промстрой-Энерго» компаниясымен іске асырылып отырған жұмыстар сипаттамасы

2008 ж. «Промстрой-Энерго» екі ШС-500 кВ «Жетіқара» мен  ШС- 500 кВ «Өлке» шағын станцияларын кеңйте отырып, ұзақтығы 486 км  болатын талшықты-оптикалық линияны қоса алғанда 500 кВ «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» электр беретін өңіраралық линияның құрылысы.

Объектінің құрылысы кезінде ЭБЛ құрылысында инновациялық тәсілдер мен әдістер апробацияланды және ендірілді: 

 - бұнда ТМД-дағы қуаты 400 МВа болатын мәжбүрлі ағымдарды бөлетін, Ақтөбе облысының тұтынушыларының қазақстандық энергия көздерінен сенімді энергетикалық қамсыздандыруын қамтамасыз еткен арнай осы жоба үшін жобаланған  жалғыз үш фазалы бұрылатын трансформаторы (ФБТ) жасалған еді.

- объекті ертерек аяқтауға мүмкіндік берген SPA «TESMEC» итальяндық өндірушінің арнайы механизмдермен сымдарды әуемен тарту қолданылды;

- алғаш рет Қазақстанда найзағайдан қорғайтын арқанның орнына ӘЛ 500 кВ  сымына іле отырып ТКШ (Тоқтың күшеюіне шектегіш) – 500 кВ  шектен тыс кернеуді шектегіштер қолданылды.