Басты бет Компания туралы Біздің қызмет Пресс-орталық Ірі жобалар Корпоративті жауапкершілік Мансап Байланыстар

«Промстрой-Энерго» ЖШС компаниясы «ВЛ 500 кВ Шульбинская ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған — Алма құрылыс» жобасын заңдастырды.

«Промстрой-Энерго»ЖШС  компаниясы  «ВЛ 500 кВ Шульбинская ГЭС (Семей) - Ақтоғай - Талдықорған — Алма құрылысы» жобасын заңдастырды.

 ВЛ 500 кВ «Шульбинская ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорган – Алма»  құрылысы Солтүстік – Шығыс – Оңтүстік электр берілісінің жүйеаралық жоғары вольтті желілерін дамытудың екінші сатысы болып табылады. Электр берілісінің жаңа желісінің құрылысы мынадай мақсаттарға бағдарланған:

- Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары тұтынушыларын электрмен жабдықтауда сенімділігін арттыру;

- Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік бағытына қарай ұлттық энергетикалық жүйесінің транзиттік әлеуетін арттыру, Шығыс аймақпен байланысты күшейту;

- темір жолдарының электрлендірілетін телімдерін, аймақтың тау-кен энергияны көп қажет ететін объектілерін  электр энергиясымен қамтамасыз ету;

- республиканың шекара жанындағы аймақтарының дамуы үшін жағдай жасау;

- электр энергиясына перспективалық сұранымды, сондай-ақ электр энергиясын ҚР шегінен экспорттау мүмкіндігін  қамтамасыз ету.

 

Жобамен мынадай объектілер құрылысы қарастырылған:

 

- ұзақтығы 206,7 км ВЛ 500 кВ Талдықорған – Алма құрылысы;

- ұзақтығы 285,6 км  ВЛ 500 кВ Ақтоғай – Талдықорған құрылысы;

- ұзақтығы 390,8/ км ВЛ 500 кВ Семей – Ақтоғай құрылысы

-  ұзақтығы 143,4 км а ВЛ 220 кВ  Талдықоған – Сарыөзек телімінің құрылысы

-  ПС 500/220/10 кВ Талдықорған құрылысы;

- ПС 500/220/10 кВ Ақтоғай құрылысы;

-  ПС 500/220/10 кВ Семей қайта құру;

-  ПС 500/220/10 кВ Алма қайта құру және кеңейту .

 

 Кешенді жұмыстар жоба шеңберіңде  «Промстрой-Энерго» компаниясымен  «толық дайын» жағдайында жүзеге асырылатын болады. Шығыс және оңтүстік Қазақстан арасындағы электр берілісінің жоғары вольтті желісінің құрылысы 2014 ж. бастап  2018 ж. дейін 4 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы «KEGOC» АҚ жобаның тапсырысшысы болып табылады.


Барлық жаңалықтар