Басты бет Компания туралы Біздің қызмет Пресс-орталық Ірі жобалар Корпоративті жауапкершілік Мансап Байланыстар

Біздің тәсіл

«Промстрой-Энерго» компаниясы – бизнес саласында сияқты, сонымен бірге бүкіл біздің қоғамның масштабында корпоративті жауапты субъект болуға тырысатын он жылдық тарихы бар қазақстандық компаниясы. Біз біздің бизнестің сәттілігі өз мемлекеттің даму динамикасымен тікелей байланысты екенін түсінеміз, сол себепті оны дамыту үшін жағымды жағдайлар туғызуға белсенді түрде қатысуға дайынбыз.

Компания өзі үшін өзінің кәсіби қызметінде ұлттық бәсекеге қабілеттілік жоғарылатуға үлес қосуды, елдің электр энергетикалық кешенін дамытуға жағымды әсер етуді, сондай-ақ тұрақты экономиканы қалыптастырған кезде мемлекет пен бизнес үшін сенімді әріптес болуды маңызды және қажетті деп санайды.

«Промстрой-Энерго» компаниясы Астана мен Алматы, Қарағанды мен Атырау қалаларында жеті жүзден астам қызметкерлерге жауапты жұмыс беруші болып есептеледі. Компания өз қызметінде еңбек заңнамасының нормаларын, сондай-ақ компанияның Корпоративтік кодексін басшылыққа алады. Компания басым түрде техникалық мамадықтар бойынша жүздеген астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және тұрақты түрде жаңа жұмыс орындарын құруды жалғастыруда. Ерекше мән еңбек пен кәсіби даму мен мансабы өсу үшін лайықты жағдайларды қамтамасыз ету мәселелеріне  бөлінеді.

Компания өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қосымша шараларды қолдану, қызметкерлердің денсаулығына теріс әсер етуді төмендету саласында Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық және нормативтік актілерін сақтайды. Біздің қызмет 500 кВ және одан да төмен кернеуі бар электрикалық шағын станциялары мен электр беретін линиялардың құрылысы, монтажы мен жөндеу жөніндегі жұмыстарыд басқаруға қолданылатын ҚР OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі. Талаптар» СТ Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатымен сертификатталған.

«Промстрой-Энерго» компаниясы, өзінің қызметін жүзеге асыра отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылуды ұстанады. Біз қоршаған ортаға теріс әсерін барынша төмендетуге мүмкіндік беретін технологияны ендіреміз және пайдаланамыз. Біз ҚР ISO 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» СТ талаптарына экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатын алдық.

«Промстрой-Энерго» компаниясы өзінің алға деген тұрақты және динамикалық қозғалысында, оның әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мүмкіндіктері аймағындағы факторлар мен шарттарда жақсартуға ұмтылады.