Миссия мен құндылықтар
КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ:
Өз қызметімен елдің электр энергетикалық кешенін нығайтуды қамтамасыз ету және қазақстандық экономиканы сәтті дамыту үшін жағымды жағдайлар жасауға қатысу. Сапа мен қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына сәйкес келетін жоғары технологиялық және тиімді шешімдерді қолдана отырып, электр энергетикалық инфрақұрылымның негізгі объектілерін соғу. Сенімді әріптес және жауапты жұмыс беруші болу.
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
Кәсібилік: «Промстрой-Энерго» компаниясы – бұл жоғары білікті мамандардың бірегей командасы. Біздің энергетикалық жобаларды іске асыру саласындағы бай және көп жылдық тәжірибеміз – біздің одан ары ұзақ мерзімді және тиімді дамуымыздың мықты негізі. Компания өз қызметкерлерінің біліктілігін тұрақты жоғарылату мәселелеріне басты мән береді, өйткені өз командасының кәсібилілігінің жоғары деңгейін қызметті сәтті жүзеге асыру үшін қажетті басты факторларға жатқызады.
Сапа: жыл сайын біз өзімізге сапаның жаңа планканы белгілейміз және өзіміздің тәжірибемізді ұлғайта отырып, өзінің өндірістік базасын дамыта отырып және жаңа технологияларды енгізе отырып оны орындаймыз. Біз орындатын жұмыстардың жоғары сапасы барлық қажетті стандарттарға жауап береді – біздің қызмет сапа менеджменті жүйесінің ҚР ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» СТ талаптарына сәйкестік сертификатымен сертификатталған.
Тиімділік: өзінің күн сайынғы жұмысында «Промстрой-Энерго» компаниясының әр қызметкері жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған. Біз істегеннің барлығындағы жағымды соңғы нәтиже – жалпы Компания сияқты, сонымен бірге біздің әр қызметкерге қатысты сәтті және тиімді жұмыстың басты өлшемі. Одан басқа, өз қызметімізде, біз тек қазіргі кездегі және ең тиімді технологияларды пайдаланамыз. Біз әрқашан электр энергетикалық саладағы соңғы инновациялар туралы хабардармыз және оларды өз тәжірибемізде қолданамыз.
Даму: біздің қызметте барлық аспектілерде жақсырақ болу «Промстрой-Энерго» компаниясына 10 жылдан астам уақытқа созылған қиын жолдан өтуге және елдің электр энергетикалық кешенінің ірі қатысушыларының бірі болуға мүмкіндік берді. Біз өзіміздің өндірісті динамикалық түрде кеңейте отырып, менеджментті жетілдіре отырып және өз персоналымыздың біліктілігін жоғарылата отырып ертеңгі күнге сеніммен қараймыз.
Әріптестік: әріптестермен қарым-қатынас құрғанда біз ұзақ мерзімді және өзара пайдалы ынтымақтастық принциптеріне негізделеміз. Біздің әр қызметтің негізінде – Тапсырыс беруші мен оның міндеттерін шешу, ал біздің уақытпен тексерілген жеткізушілердің сенімділігі – біздің ортақ сәттіліктің маңыызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біз әрқашан біздің әріптестермен сындарлы диалогтар үшін ашықпыз – бұл біздің бәсекелестік басымдықтарымыздың берік негізі.
Адамдар туралы қамқорлық: «Промстрой-Энерго» компаниясы болашақта өзінің барлық қызметкерлері үшін әл-ауқат пен сенімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады. Біздің қызметкер құрамы – Компанияның маңызды капиталдарының бірі. Біз әр қызметкердің маңыздылығын және біздің ортақ мақсаттарға жетудегі оның рөлін мойындаймыз. Компания олардың еңбектерін сый беруге және үздік қызметтері үшін адекватты көтермелеуге ұмтылады. Компанияның қызметі қызметкер құрамының өнеркәсіптік және құрылыс объектілерінде жұмыс істеуімен байланысты, сол себепті біздің менеджментпен расталуы Компанияның кернеуі 500 кВ және одан төмен электр шағын станцияларын және электр беру линияларының құрылысы, монтажы және жөндеу жөніндегі жұмыстарды басқаруға қолданылатын ҚР OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйесі. Талаптар» СТ кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық менеджментінің жүйесі талаптарына сәйкес келу сертификатын алуы болып табылатын қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.